Стандартты тексеру файлының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1092 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес стандартты тексеру файлының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Стандартты тексеру файлын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1092 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Стандартты тексеру файлы (SAF-T)
| № | 1-деңгей | 2-деңгей | 3-деңгей | 4-деңгей | 5-деңгей | 6-деңгей | 7-деңгей |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |