Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 Қаулысы
(2021.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2018.22.06. № 365 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.11. № 732 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.24.01. № 11 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.22.05. № 303 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.25.06. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 467 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.16.09. № 691 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.04.08. № 495 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.22.12. № 874 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.30.03. № 176 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.16.06. № 416 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.30.06. № 449 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің
тізбесі
| 1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні | - 10 қаңтар |
| 1-1. | Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні | - 15 ақпан |
| 2. | Алғыс айту күні | - 1 наурыз |
| 3. | Жерге орналастыру, геодезия және картография күні | - наурыздың екінші сенбісі |
| 4. | Геолог күні | - сәуірдің бірінші жексенбісі |
| 5. | Ғылым қызметкерлері күні | - 12 сәуір |
| 6. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні | - 21 сәуір |
| 6-1. | Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні | -17 мамыр |