Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 Қаулысы
(2021.08.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2021.08.04. № 223 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 489 қаулысымен
бекітілген
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің мөлшері мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік шартының талаптарына сәйкес экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компания алдындағы оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
2) салалық қорытынды - сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұлттық компанияның экспортын қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;