Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешімі
(2017.29.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының елді мекендер аумағында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/437 каулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3449 тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылғы 2 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | С. Кулагин |
| | |
| Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы | Е.Мащинская |
| Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | Д.Нұрмолдин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017.29.03. № А-3/123 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017.29.03. № 6С-9-13 шешімімен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қазандағы
№ А-10/480 қаулысына
қосымша