Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМА...

Информация о документе
Датасуббота, 17 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 17 декабря 2022

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы

(2022.17.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.31.03. № 121 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.31.03. № 121 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:

1) «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 61 бұйрығының (№ 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы № 21 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);

2) «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 128 бұйрығының (№ 5615 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом