Коммуналдық заңды тұлғаларды қайта атау туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 181 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 38, 42-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 125-баптарына сәйкес және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес коммуналдық заңды тұлғалар қайта аталсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының білім (И.А. Чернышёва), қаржы (С.В. Большакова) басқармалары осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 181 қаулысына
қосымша
Қайта аталған коммуналдық заңды тұлғалардың тізбесі
| № | Заңды тұлғаның қайта аталғанға дейінгі атауы | Заңды тұлғаның қайта аталғаннан кейінгі атауы |
| 1 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Үлкен Нарын колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
| 2 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Катонқарағай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Үлкен Нарын ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |