Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 49 Қаулысы
(2015.23.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.03.04. № 196 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2015.23.06. № 475 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 113-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалану және қолдану қағидасында:
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыретті орган өтінім берушінің өтінішін осы Қағиданың 6-тармағында келтірілген, мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсететін өтінішке қатысты құжаттармен қоса, құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қосылатын Теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына енгізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: