«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 10 шілдедегі № 10-НҚ нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының (бұдан әрі - Тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру, сыртқы мемлекеттік аудитті жоспарлау, жүргізу, оның қорытындылары бойынша құжаттарды ресімдеу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру, сыртқы мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындысында берілген ұсынымдардың және Нұсқамалардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды ұйымдастыру, аудиторлық іс-шара нәтижелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілу және мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: