Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ Нормативтік қаулысы
(2025.05.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.24.02. № 8-НҚ нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы | Н. Годунова |
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.22.08. № 15-НҚ нормативтік қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 6-НҚ нормативтік қаулысына
1-қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер