Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешімі
(2022.27.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | А. Жаксылыков |
Ақмола облыстық мәслихатының 2021.26.04. № 7С-3-4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.27.10. № 7С-9-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.27.07. № 7С-19-4 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 6С-50-7 шешіміне
1 қосымша
Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар