«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 203 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 126-1) және 126-2) тармақшамен толықтырылсын:
«126-1) осы бұйрыққа 126-1-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны (300.00-нысан);
126-2) осы бұйрыққа 126-2-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
көрсетілген бұйрыққа 126-қосымшаға сәйкес бекітілген «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Аталған нысан 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қазанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 126-1 және 126-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;