Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығы
(2020.06.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5В071500 - Теңіз техникасы және технологиялар (Бакалавриат) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6М071500 - Теңіз техникасы және технологиялар (Магистратура) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін ресми жариялауға баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.