Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 493-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 135 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 22 декабря 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 декабря 2025

«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 493-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 135 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 18 қарашадағы № 327-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 124 бірлескен бұйрығымен 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

А. Куантыров

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом