Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 Қаулысы
(2019.23.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 202 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9898 тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 187 (2755) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.