«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 677 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 677 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Суға батқан мүлікті көтерудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 58-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3470 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 22 шілдеде № 77(701) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суға батқан мүлікті көтерудің ережесі мен мерзімдеріде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: