«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына,, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.