Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 394 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі | Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 394 бұйрығымен бекітіліген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының қызмет
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - «Білім туралы» Заңы) сәйкес әзірленді.