Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы
(2026.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 ж. 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.19.10. № 581 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.31.03. № 62 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.13.07. № 205 бұйрығымен (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.31.03. № 62 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.19.10. № 581 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.31.03. № 62 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;