Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 296-VIII Конституциялық Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 296-VIII Конституциялық Заңы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Президенті туралы

 

 

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МƏРТЕБЕСІ

1-бап. Қазақстан Республикасының Президенті

2-бап. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау

3-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі

4-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін атқаруға байланысты шектеулер

6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің ерекшелік белгілері

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ

7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясаттағы өкілеттігі

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі

9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайына қатысты өкілеттігі

10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты өкілеттігі

11-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өкілеттігі

12-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты өкілеттігі

13-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің соттар мен судьяларға қатысты өкілеттігі

14-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі

15-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттігі

16-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты өкілеттігі

17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттігі

18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты өкілеттігі

19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімдерге қатысты өкілеттігі

20-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты өкілеттігі

21-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық референдумға қатысты өкілеттігі

22-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де өкілеттігі

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

23-бап. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті

24-бап. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің өкілеттігі

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АКТІЛЕРІ

25-бап. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің нысандары

26-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары

27-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдері

28-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу

29-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі

30-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі

5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ, ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТІРУ

31-бап. Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын лауазымынан босату, қызметінен кетіру

32-бап. Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ауысуы

6-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

33-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін мемлекет тарапынан қамтамасыз ету

34-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жалақысы және демалысы

35-бап. Қазақстан Республикасы Президентін қамтамасыз ету

36-бап. Қазақстан Республикасының Президентін күзету

37-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

38-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, мекемелер мен ұйымдар

7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ

39-бап. Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің мәртебесі

40-бап. Қазақстан Республикасының экс-Президенттерін қамтамасыз ету

41-бап. Қазақстан Республикасының экс-Президенттері құқықтарының кепілдігі

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

42-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін өзге де заңнамалық актілердің қолданылуы

43-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық жағдайын айқындайды.

 

 

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МƏРТЕБЕСІ

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Президенті

1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2. Қазақстан Республикасының Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

3. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан халқы мен мемлекет атынан өкілдік ету құқығы тиесілі.

5. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу заңмен қудаланады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі.

 

3-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі

1. Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Қазақстан Республикасының Президенті антты мемлекеттік тілде береді.

2. Ант беру рәсімі сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді.

3. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Конституциялық Соты судьяларының, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қатысуымен өткізіледі.

4. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ант береді. Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін, төсбелгісін, байрағын және «Алтын Қыран» орденін тапсырады.

 

4-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады.

2. Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі тоқтатылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін атқаруға байланысты шектеулер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті ант берген күннен бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға міндетті.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы лауазымында болуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы лауазымындағы жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген күннен бастап бір ай ішінде өз орнынан түсуге не атқаратын лауазымын босатуға міндетті.

Осы тармақтағы мағынада Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары - оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің ерекшелік белгілері

1. Қазақстан Республикасы Президентінің ерекшелік белгілері - Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мен байрағы.

2. Төсбелгінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Байрақтың сипаттамасын, төсбелгі мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

3. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына орай «Алтын Қыран» орденінің иегері болады.

4. «Алтын Қыран» орденінің сипаттамасы, оны беру негізі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ

 

7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясаттағы өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;

2) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды;

3) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізуге және халықаралық шарттарға қол қоюға өкілеттіктер береді;

4) ратификациялық грамоталарға қол қояды;

5) шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері басшыларының, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шакырып алу грамоталарын қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасы жасасқан, ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;

7) ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жоюды қоспағанда, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

 

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады;

2) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды;

3) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында соғыс жағдайын енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды;

4) бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы ұсынысты Құрылтайдың қарауына енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы шешім қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

7) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін құрады;

8) Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығын тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

9) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекітеді.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

2) Құрылтайдың бірінші сессиясын сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады;

3) Құрылтай депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;

4) Құрылтай Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;

5) әдетте, Құрылтай сессияларын ашады;

6) Құрылтай сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкін;

7) Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Құрылтай Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығын еңсерсе, бір ай ішінде заңға қол қояды;

8) заң шығару бастамасымен өзінің арнайы жолдауы арқылы Құрылтайдың қарауына заң жобаларын енгізеді;

9) заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді білдіреді;

10) Құрылтайдың кез келген отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы;

11) Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Үкімет мүшесін лауазымынан босатады;

12) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен Құрылтайды таратуға құқылы.

 

10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Құрылтайдың келісімімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін оның он күн ішінде енгізілетін ұсынуы бойынша Үкімет құрылымын айқындайды; Премьер-Министр Құрылтаймен консультациядан кейін енгізетін ұсыну бойынша Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін өзі дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады;

3) Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды;

4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық маңызды шешімдері туралы Премьер-Министрдің баяндамасын тұрақты түрде қарайды, баяндау кезінде Премьер-Министр Үкімет жұмысы туралы есеп береді;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;

6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесін келіседі;

7) қажет болған жағдайда аса маңызды мәселелер бойынша Үкіметтің отырыстарына төрағалық етеді;

8) Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе не Құрылтай Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірсе, олардың орнынан түсу туралы мәлімдеуі бойынша, сондай-ақ Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүзеге асырмайтын Үкімет мүшесінің орнынан түсу туралы мәлімдеуі бойынша шешім қабылдайды;

9) Үкіметтің немесе оның кез келген мүшесінің орнынан түсуі туралы мәлімдемесін он күн ішінде қабылдайды немесе қабылдамайды;

10) Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі туралы шешім қабылданбаған кезде оған міндеттерді одан әрі атқаруды тапсырады;

11) өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату, Премьер-Министрді және Үкіметтің кез келген мүшесін лауазымынан босату туралы шешім қабылдауға құқылы;

12) Үкіметке Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында белгіленген функциялардан басқа, өз актілерімен атқарушылық функцияларды жүзеге асыруды жүктеуге құқылы;

13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырма береді.

 

11-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітеді;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығын құрады және оның басшысын тағайындайды;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

12-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Конституциялық Соттың Төрағасын сегіз жыл мерзімге тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын тағайындайды;

3) Құрылтайдың келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге тағайындайды; «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңға сәйкес оларды лауазымынан босатады;

4) Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 11) тармақшасында және 73-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Сотка жүгінеді.

 

13-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің соттар мен судьяларға қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын алты жыл мерзімге тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Құрылтайға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және лауазымынан босату үшін ұсыну енгізеді;

3) Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын тағайындайды және лауазымынан босатады.

 

14-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын алты жыл мерзімге тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарларын тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) тоқсанына кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы есебін қарайды.

 

15-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Құрылтайдың келісімімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады;

3) Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекітеді;

4) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған жалпыхалықтық референдумға, Құрылтай, мәслихат депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауға дайындық барысы және референдум мен сайлау қорытындылары туралы ақпаратын қарайды.

 

16-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Ұлттық Банк Төрағасының ұсынуы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларын тағайындайды және оларды лауазымынан босатады;

3) тоқсанына кемінде бір рет Ұлттық Банк Төрағасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы туралы есебін қарайды.

 

17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) Құрылтайдың келісімімен Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады;

3) Жоғары аудиторлық палата туралы ережені бекітеді;

4) тоқсанына кемінде бір рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының палатаның жұмысы туралы ақпаратын қарайды.

 

18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге тағайындайды; оны лауазымынан босатады;

2) жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы баяндамасын қарайды.

 

19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімдерге қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін тиісінше астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды;

2) әкімдерге өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тапсырма береді және олардың орындалуы туралы әкімдердің есептерін қарайды;

3) өз қалауы бойынша астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін, сондай-ақ тиісті мәслихаттар депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен сенімсіздік вотумы білдірілген жағдайда лауазымынан босатуға құқылы.

 

20-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты өкілеттігі

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейін өз міндеттерін атқарады.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының ұсынуы бойынша:

1) осы мемлекеттік органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын және жалпы штат санын бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) аталған мемлекеттік органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, бұл ведомстволар Орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшін көзделген мәртебеге ие болады.

3. Қазақстан Республикасының Президенті өзі айқындайтын мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерін қарайды.

 

21-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық референдумға қатысты өкілеттігі

1. Қазақстан Республикасының Президенті «Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімді Президент өз бастамасы, Құрылтайдың бастамасы, Үкіметтің бастамасы, Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы бойынша немесе жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар, Қазақстан Республикасы астанасының, барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың атынан саны жағынан тең мөлшерде өкілдік ететін Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз мың азаматының бастамасы бойынша қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасының Президенті:

1) референдум өткізу туралы;

2) референдум өткізбей, референдумға шығарылатын мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, заңын немесе өзге де шешім қабылдау қажеттігі туралы;

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!