Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ...

Информация о документе
Датасреда, 13 января 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 13 января 2016

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. «Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 218 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9688 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 тамызда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интеренет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары М.Ө. Қалқабаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы

 

 

В. Жұмақанов

 

Қазақстан Республикасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом