Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығы
(2024.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.01.06. № 254 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022.14.07. № 265 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022.22.09. № 95 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.15.12. № 309 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 136 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.10.10. № 551 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.03.07. № 259 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің (Алматы қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;