Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 шешімі
(2021.21.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.И. Иманов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ж. Штергер |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Әбдікеров |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017.29.09. X сессиясының № 223 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының 2019.28.02. № 396 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.23.04. № 529 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.21.06. № 207 шешімімен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
IV сессиясының № 84 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар
тізбесі
| № | Қатынас |
| Қарағанды қаласының қала маңындағы қатынастары |
| 1 | №71 «Қарағанды-Көкпекті» |
| 2 | №72 «Қарағанды-Қарақұдық» |
| 3 | №73 «Қарағанды-Жаңа өзен» |
| 4 | №118 «Қарағанды-Жұмабек» |
| 5 | №117 «Қарағанды-Доскей» |
| 6 | №141 «Ақтас-Үштөбе» |
| 7 | №495 «Қарағанды-Құрылыс-Әуежай» |
| 8 | №500А «Қарағанды-«Сары-Арқа» әуежайы» |
| Қарағанды қаласының қалалық қатынастары |
| 1 | №26 «Жастар» кафесі-вокзал» |
| 2 | №42 «Жұмыскер кенті 6 бригада-«Жастар» кафесі-Лермонтов көшесі» |