Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. «Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын гуманитарлық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қарашадағы № 507 (2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4992 болып енгізілген, 2007 жылы 30 қарашада № 184 (1387) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Орынханов |
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушысының
2013 жылғы 19 тамыздағы
№ 347 бұйрығымен бекітілді
Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары
бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар
тізбесі
| Кәсіптік білім мамандықтарының коды | Білім профилі, мамандық атауы |
| 0100000 - Білім беру |
| 0101000 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту |
| 0102000 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) |
| 0103000 | Дене тәрбиесі және спорт |