Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы
(2023.08.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.27.06. № 183 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 486 бұйрыққа
қосымша
Білім беру ұйымдарын бағалау
өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.27.06. № 183 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)