Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді, сондай-ақ жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 14 және 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға Жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14184 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);