2023 - 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешімі
(2023.03.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023.04.04. № 16 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 42 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.13.10. № 65 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.11. № 70 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2023 - 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 13 359 238 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 7 654 130 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 42 141 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 87 569 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 5 575 398 мың теңге;
2) шығындар - 17 002 260 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 1 575 264 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 3 643 022 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 2 067 758 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 1 575 264 мың теңге.
2. 2023 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін: