«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 маусымдағы № 377 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2016 ж., № 3-4, 18-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 22-тармағының екінші және 24-тармағының үшінші абзацтары 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 20 маусымдағы
№ 377 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 28 қаулысымен
бекітілген
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: