Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 23 қарашадағы № 494 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 47) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысына сәйкес және «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрыққа қоса беріліп отырған Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Орта білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды жүйелі түрде қолдану ұсынылсын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т. Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ш. Каринова |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2020 жылғы 23 қарашадағы
№ 494 бұйрығына қосымша
Жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер