Петропавл қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 4/24 шешімі
(2025.28.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 85-бабының 2-тармағына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025.18.07. № 1/25 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.10. № 1/28 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.11. № 3/29 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «2025 - 2027 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 76 994 381,1 мың теңге:
салықтық түсімдер - 27 893 813,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 190 722,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11 046 475,5 мың теңге;
трансферттер түсімі - 36 863 369,5 мың теңге;
2) шығындар - 87 297 827,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 9 953 446,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - -9 953 446,2 мың теңге:
қарыздар түсімі - 13 769 013,2 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 744 741,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 929 174,0 мың теңге.