«Петропавл қаласының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 4/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 1/25 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 94, 96-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Петропавл қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 4/24 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2025 - 2027 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 69 967 050,1 мың теңге:
салықтық түсімдер - 28 231 229,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 996 863,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 819 975,5 мың теңге;
трансферттер түсімі - 30 918 982,6 мың теңге;
2) шығындар - 81 182 771,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 10 865 720,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - -10 865 720,9 мың теңге:
қарыздар түсімі - 14 681 287,9 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 744 741,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 929 174,0 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы | А. Бердағұлов |
Петропавл қаласы мәслихатының
2025 жылғы 18 шілдедегі
1/25 шешіміне
1-қосымша
Петропавл қаласының 2025 жылға арналған бюджеті