Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 500 бұйрығы
(2023.14.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Әділет министрінің 2023.11.07. № 472 бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 68-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 500 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
«БЕКIТЕМIН»
__________________________
__________________________
(лауазымы, тегi және аты-жөнi)
__________________________
(қолы)
__________________________
(қол қойылған күн)
Қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
| Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелерi: | Нормативтiк құқықтық актiнiң нысаны, қабылдау күнi, тiркеу нөмiрi және тақырыбы |
| Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған орган: | Мемлекеттiк органның атауы |