«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 474 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 7126 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 5, 6, 7, 8, 23, 24, 28, 56, 76, 118, 120, 121, 125, 126 және 127-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа қазақ тіліндегі 1, 2, 3, 4, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 45, 46, 50, 54, 55, 58, 60, 61, 64, 67, 71, 87, 94, 97, 101, 104, 128 және 129-қосымшаларға өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 22 шілдедегі
№ 474 бұйрығына
1-қосымша