Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығы
(2024.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 116 бабы 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 578 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.27.03. № 187 бұйрығымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрықтың 1-129-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Б. Шолпанқұлов |
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020.01.07. № 647 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2024.22.07. № 474 бұйрығымен (2024 ж. 7 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 2 тамыздағығы
№ 390 бұйрығына
1-қосымша
№ НҚ-1 нысаны
_____________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің (орталықтандырылған бухгалтерияның) атауы
| Бекітемін: Тапсырушы тараптың мемлекеттік мекеменің басшысы ___________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____ жылғы «____» _________ Мөр орны | Бекітемін: Қабылдаушы тараптың мемлекеттік мекеменің басшысы _________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____ жылғы «____» _________ Мөр орны |