Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 20 шілдедегі № 118 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 25-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 «Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережесінің 14-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын құру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры | Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 20 шілдедегі
№ 118 бұйрығына қосымша