Қонаев қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-51 шешімі
(2024.23.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2024.23.04. № 26-86 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған Қонаев қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер 24 004 437 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 18 464 396 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 121 358 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 956 132 мың теңге;
трансферттер түсімі 4 462 551 мың теңге;
2)шығындар 26 454 908 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу 94 709 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 103 376 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 8 667 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5)бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 545 180 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 545 180 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 103 376 мың теңге;
қарыздарды өтеу 836 198 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 3 278 002 мың теңге.
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2024.23.04. № 26-86 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылға арналған резерві 206 898 мың теңге сомасында бекітілсін.