«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 231 бұйрығы
«Денешынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарында:
«Жазғы Олимпиада ойындары» 2-бөлімде:
«Ауыр атлетика» бөлімшесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 12 тамыздағы