Ұлытау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 02/01 Қаулысы
Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 81/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы», «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.