Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығы
(2022.09.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 28 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 19 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 28 және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022.09.09. № 19 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын: