Орал қаласы әкімінің «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 18 шешімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласы әкімінің «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Орал қаласының әкімі | М. Байменов |
«КЕЛIСIЛДI»
Орал қалалық
(аумақтық) сайлау комиссиясы
Орал қаласы әкімінің
2025 жылғы 16 қазандағы
№ 18 шешіміне қосымша
Орал қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
1. № 34 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Деркөл кенті, «Көкжиек» шағынауданы, Ақтамберді жырау көшесі, 24 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 48 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Деркөл аулының № 1 тәптіштелген жоспарлау жобасының жеке тұрғын үйлері. Кумыска ауылының екінші бөлімшесі және Маштаково, Новостройка-Кумыска, Ускен аулы. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Орал» ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің жанында орналасқан тұрғын үйлер. «Тамарикс» және «Дружба» бау бақша серіктестіктерінің саяжай үйлері. Маштакова көшесінен Кейкі Батыр көшесіне дейін, Кейкі Батыр көшесі бойымен Лев Гумилев көшесіне дейін, Лев Гумилев көшесінен Ветелки (Ынтымақ) кентіне баратын жол бағыты.
2. № 38 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Деркөл кенті, «Көкжиек» шағынауданы, Ақтамберді жырау көшесі, 24 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің «№ 48 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.