Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАЗА КІРІ...

Информация о документе
Датавторник, 12 декабря 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 12 декабря 2017

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығы

(2017.12.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.20.01. № 14 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 404 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.20.01. № 14 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 404 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 26 ақпандағы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.20.01. № 14 бұйрығымен аудару нормативі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом