«Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 606 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2025 жылғы 3 қарашадағы
№ 606 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 357 бұйрығына
қосымша
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер