Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 шешiмi
(2026.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясының 2026.18.02. № 289 шешiмiмен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2 548 406 711 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 2 481 908 384 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 12 124 618 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29 285 763 мың теңге;
арнайы түсімдер - 2 123 448 мың теңге;
трансферттер түсімі - 22 964 498 мың теңге;
2) шығындар - 2 745 814 480 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 22 581 194 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 28 000 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 418 806 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -24 176 055 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 24 286 055 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -244 165 018 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) -244 165 018 мың теңге.
2. 2026 жылға арналған республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 491 887 501 мың теңге сомасында бекітілсін.
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясының 2026.18.02. № 289 шешiмiмен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2026 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 52 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. 2026 жылға арналған борыш лимиті 2 250 608 587 мың теңгені құрайды.