Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 «Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 289 шешiмi
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 «Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2 548 406 711 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 2 481 908 384 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 12 124 618 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29 285 763 мың теңге;
арнайы түсімдер - 2 123 448 мың теңге;
трансферттер түсімі - 22 964 498 мың теңге;
2) шығындар - 2 745 814 480 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 22 581 194 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 28 000 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 418 806 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -24 176 055 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 24 286 055 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -244 165 018 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) -244 165 018 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2026 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 52 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2026 жылға арналған «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиті 528 672 150 мың теңгені құрайды, оның ішінде осы қосымшаға 5-қосымшаға сәйкес жобалар.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын (қызметтік пайдалану үшін).
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |