Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығы
(2016.08.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы
№ 55 бұйрығымен бекітілді
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлеріннің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.08.02. № 35 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: