Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешімі
(2017.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017.30.05. № 133 шешімімен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «ставкалары», «ставкаларын» сөздері «мөлшерлемелері», «мөлшерлемелерін» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» әдістемеге сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы шешімге сәйкестендіру және жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін төлеушілердің назарына жеткізуді «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (келісім бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келісім бойынша) ұсынылсын.