Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығы
(2016.27.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 103 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу тәртібін айқындайды.