«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығы
(2016.04.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.04.03. № 192 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормалары бекітілсін.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 56 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.04.03. № 192 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мына:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурста өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысқан адамдар үшін);
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Phd докторы, бейіні бойынша доктор (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) дәрежесін алу үшін оқытуды ұйымдастыруға;
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін);
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өтуге;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, резидентурада (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарттар бекітілсін.