Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы
(2019.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2019.09.12. № 404 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларындағы 30 % - дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларындағы 20 % - дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының энергия блоктарының жеке қажеттіліктеріне арналған бу мен конденсат шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кернеуі 35-500 киловольт кіші станциялардың жеке қажеттіліктеріне арналған электр энергиясы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының су дайындайтын қондырғыларының технологиялық мұқтаждықтарына арналған жылу шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшағасәйкес Кернеуі 220 киловольт кіші станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;