«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығы
(2021.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.15.06. № 76 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есеп;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті құрастыру Нұсқаулығы;
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Тергеу органдарының жұмысы туралы, оның ішінде қылмыстық істерді тергеу және анықтау қызметі берілген арнайы прокурорлардың» № 1-Е статистикалық есебін» және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6015 санымен тіркелген);
2) «Тергеу органдарының, соның ішінде қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметтер берілген арнайы прокурорлардың және анықтау органының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 148 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7400 санымен тіркелген);
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;