Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 120 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі | Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 10 шілдедегі
№ 120 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі
жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-27) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы) әзірленді және мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеудің бірыңғай тәсілін айқындайды.